"Қонақтарды жақсы қарсы алу - сәттіліктің кепілі"

9 қаңтар, 2024

АРТ-орталығының тағы бір бағыты – ол имидждік топ. Бұл қонақтарды қарсы алатын, қонақтарға іс-шара орнында бағыт-бағдар беретін және марапаттау рәсімінде дипломдар мен бағалы сыйлықтар сахнаға алып шығатын, әкімшілікке көмектесетін, әл-Фараби кітапханасында орналасқан «Ұлттық бұрышта» ұлттық тағамдармен қонақтарды қарсы алатын, стильдендірілген этно костюмдердегі әдемі қыздар тобы. Олардың келбеті тартымды, өздері коммуникативті болуы керек, қонақтармен сауатты сөйлесе білуі шарт, шет тілін біліп, туындаған барлық сұрақтарға жауап беріп, қонақтарға көмектесуі тиіс.

Жаңа оқу жылынан бастап имидж топ көптеген форумдар мен конференциялардың  кездесулерін ұйымдастырды, шетел қонақтарын ұлттық салт-дәстүрмен қарсы алды.

Құрметті арулар! Сіздерді университетіміздің қонақтарын қарсы алатын имидждік тобымызға шақырамыз. Байланыс телефондары: +77075628504, +77077990676.