Самалдыков Мақсұт Кошекұлының 70 жылдық мерейтойы

17 қаңтар, 2024

2024 жылдың 16 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасы доцент Самалдыков Мақсұт Кошекұлының 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Шараға халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессорлық-оқытушылар құрамы, сонымен қатар студенттер қатысты.

Іс-шара барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың атынан халықаралық қатынастар факультетінің деканы Деловарова Лейла Федоровна Самалдыков Мақсұт Кошекұлына «Ерен еңбегі үшін» медалін және Алғыс хат табыс етті. Мерейтой қаһарманына көптеген жылы лебіздер айтылып, әріптестер М.Қ. Самалдыковтың халықаралық құқық және құқықтану саласында жас мамандарды даярлаудағы елеулі ғылыми және кәсіби үлесін атап өтті.

Халықаралық құқық кафедрасы Самалдыков Мақсұт Кошекұлына зор денсаулық, бақыт және кәсіби қызметінде табыс тілейді.