2024 жылдың 22 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің «Орыс тілі мен мәдениеті» орталығында ерекше мереке өтті – орыстың ұлы жазушысы П.Бажовтың мерейтойына (туғанына 145 жыл) арналған әдеби кеш болды. Шараға 1 курс студенттері, шетелдік студенттер, жас ғалымдар қатысты.

    Әдеби кештің бағдарламасында «Малахит сандық», «Тас гүл», «Күміс тұяқ» шығармаларынан үзінділерді оқып, талдау жасалды.  Жайық ертегілері мен аңыз-әңгімелер әлеміне үңіліп, виртуоздық тіл мен даналық сюжеттерден ләззат алу, оларды талқылалады. Бейнелеу өнері туралы бейнематериал және П.Бажовтың шығармалары бойынша суретшілердің туындылары ұсынылды. Іс-шара барысында П.Бажовтың дәуірі мен тақырыптарын көрсететін, оның әдеби мұрасының маңыздылығына тоқталған атмосфера құрылды.

   Қорытындылай келе, Бегалиева С.Б. П.Бажовтың адамгершілік құндылықтар мен мәдени мұраны қалыптастыруда, дәстүрлі бейнелер мен тағылымдарды ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқаратын, қиялын, этикасын және сезімін дамытуға ықпал ететін ертегілерінің өзектілігін, заманауилығын және маңыздылығын атап өтті.

«Орыс тілі мен мәдениеті» орталығының директоры 

С.Б.Бегалиева