ТДМ 4. «М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл» тақырыбында кураторлық сағаты

19 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 19 желтоқсан күні жылуфизика және техникалық физика кафедрасының куратор-эдвайзерлері Оспанова Ш.С., Таженова М.С., Максутханова А.М., Нурмуханова А.З. мен «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының 1 курс 117 топ студенттерінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, Алаш қайраткері, публицист, ұстаз М. Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай ашық кураторлық-эдвайзерлік сабағы болып өтті. Сабақ студенттердің арасында жедел респираторлық аурулардың таралуының алдын алудың превентитві шаралары шеңберінде онлайн форматта өткізілді.

Сабақ барысында студенттер М. Жұмабаевтың жеке өмір жолы, ақындық шығармашылығы, Алаш қозғалысы төңірегінде атқарған қайраткерлік қызметі туралы толық мәліметтер келтірді. Ақынның алпауыт жырларынан үзінді оқып, оның өмір жолынан естелік бейнежазбаларды ұсынды.