PhD докторанттар ғылыми тағылымдамадан өтті

26 қаңтар, 2024

Экономика және бизнес Жоғары мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасының 2 курс докторанттары Кыздарбекова Асет және Жумадилова Толкын диссертациялық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 30.10.2023-20.12.2023 жж. аралығында Чехия Республикасы, Злин қаласындағы Томаш Бата Университеті, Менеджмент және экономика факультетінде тағылымдамадан өтті. Тағылымдама профессор, PhD Boris Popesko-ның жетекшілігімен жүргізілді. Тағылымдама негізінде келесідей зерттеу нәтижелеріне қол жеткізілді: Томаш Бата ғылыми-зерттеу зертханасында жұмыс істелінді; эмпирикалық деректер жинақталды; ғылыми-әдістемелік іс-шараларға, семинарларға қатысу, жарияланымға мақала дайындалды. Ғылыми тағылымдама халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға  мүмкіндік берді.