Акзамбекқызы АқботаFarabi University

«6D051800 – Жобаларды басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Акзамбекқызы Ақботаның «Қазақстан Республикасындағы жобалау қызметін мемлекеттік техникалық реттеудің тиімді жүйесін ұйымдастыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Менеджмент» кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Шалдарбеков Қайрат Базарбекович - «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша PhD докторы, «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қаласы, Қазақстан Республикасы.
  2. Нарбаев Тимур Сапарбаевич – «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша PhD докторы, профессор, Қазақ-Британ техникалық университетінің Бизнес мектебі, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.

Ғылыми жетекшілер:

  1. Отандық ғылыми жетекші: PhD, қауымдастырылған профессор Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ., Саркамбаева Шынара Галимжановна.
  2. Шетелдік ғылыми кеңесші: PhD, Ланкастер университетінің профессоры Далкер Даррен, Ланкастер, Ұлыбритания.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Бушуев Сергей Дмитриевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Украина жобаларды басқару қауымдастығының президенті, Киев ұлттық құрылыс және сәулет университетінің жобаларды басқару кафедрасының меңгерушісі, Украина ғылым академиясының, Нью-Йорк ғылым академиясының академигі, Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының (IPMA) Директорлар кеңесінің мүшесі, Киев қ., Украина.
  2. Келесбаев Динмухамед Нурмаханбетович –  PhD докторы, доцент, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экономика, менеджмент және құқық» факультетінің деканы, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
  3. Адилова Алия Мукановна – «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша PhD докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
  4. Тулембаев Алижан Нуралыевич – «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша PhD докторы, «Қазақстан инжиниринг» ҒЗТКЖ орталығы» ЖШС даму және инновациялар жөніндегі бас директоры – «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
  5. Сайымова Мейрамкул Дулатқызы – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы.
  6. Стаценко Лариса Геннадьевна – PhD доктор, Оңтүстік Австралия университеті, Аделаида қ., Австралия.

 Қорғау 2024 жылдың 28 ақпанында, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «8D041 – Бизнес және Басқару» кадрларды дайындау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта офлайн/онлайн түрде өтеді.

 Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/83665170611?pwd=NmV4VlN4cGRTc25KZmpJSXZhVEQ3dz09 

Идентификатор конференции: 836 6517 0611

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық