- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстан және Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар
«Қазақстан және Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар
Тұрақты дамудың 4-жаһандық мақсаты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында
2024 жылдың 14 ақпан күні сағат 15:00-де Халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатиялық аударма қафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан және Түркия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға шақырамыз.
Ғылыми-әдістемелік семинарда қарастырылатын мәселелер:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Түркия университеттері арасындағы ортақ жобалардың жүзеге асырылу барысы.
- Аударма және аударманың өзекті мәселелері.
- Көркем шығармаларды қазақ тілінен түрік тіліне аудару ерекшеліктері.
- «Ж.Делөз «Кино 1.Қозғалыс-бейне» және «Кино 2.Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегін француз тілінен қазақ тіліне аудару ерекшелігі».
Іс-шараның қонақтары:
- Түркі халықтары мәдениет қорының басшысы, профессор Ахмет Дағдұран;
- «Түркі әлемі» газетінің және Түркі халықтары мәдени қорының атқарушы директоры Дариға Жүніс;
- Түрік жазушысы, аудармашы, PhD докторы Ашур Өздемир.
Семинарға докторанттар, магистранттар және студенттер қатыса алады.
Ұйымдастырушылары:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Дипломатиялық аударма кафедрасы
Семинар бойынша қосымша ақпарат алғыларыңыз келсе, немесе сұрақтарыңыз болса, 8 702 942 50 10 (Сафура Болатовна) хабарласыңыз.