ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары тарих факультетіне саяхат жасады

29 қаңтар, 2024

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары қысқы демалыстарын қызықты өткізуде. Ауғанстаннан келген тыңдаушылары сессияларын сәтті аяқтап қысқы демалысқа шықты. Демалыстарын тиімді пайдаланған тыңдаушылар «Өлкетануға» саяхат жасаумен бастап университеттің 90 жыл толуына байланысты тарих факультетінің Археология және этнология кафедрасында қонақта болды. Кездесу барысында аға оқытушы Б. Б. Бесетаев кафедраның тарихына тоқталып, мағлұмат берді. Профессор Т. Е. Қаратаева жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде тілдік дайындықтан өтіп, археология мамандығы бойынша білім алған ауғанстандық Лайық Ахмади мен Изатулла Хабиби жайлы жылы лебіздерін білдірді, тағы да ауғанстандық азаматтарды қабылдауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар тарих факультетінің археология және этнография мұражайымен таныстырылды. Ауғанстандық тыңдаушылар  ризашылықтарын білдірді.