"ӨНЕР - ТАУСЫЛМАС АЗЫҚ, ЖҰТАМАС БАЙЛЫҚ"

5 ақпан, 2024

"ӨНЕР - ТАУСЫЛМАС АЗЫҚ, ЖҰТАМАС БАЙЛЫҚ" атты Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 9) аясында өткізілген іс-шара
Тақырыбы: "ӨНЕР – ТАУСЫЛМАС АЗЫҚ, ЖҰТАМАС БАЙЛЫҚ" тақырыбында тыңдаушылардың өз қолдарымен өндірген бұйымдарын жәрмеңкеге сатылымға шығару. 
Мақсаты: университеттегі білім алушы жастарға қолөнерді насихаттау, үйрету, түрлі қолөнер бұйымдарымен таныстыру.

ЖАС ШЕБЕРДІҢ "Тоқыма бұйымдарын өндіру", "Әшекей бұйымдарын өндіру" стартаптарының шеберлері "ТДМ 9: Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым" аясында университетіміздің 90 жылдық мерейтойына орай өз қолдарымен өндірген бұйымдарын жәрмеңкеге шығарып тұтынушыларға ұсынды. Мерекелік шараға факультеттің ұжымы мен студенттері қатысты. Көрмеге қойылған әрбір зат көрушілерді қызықтырып, қолөнерге деген құштарлығын арта түсті. Көрмеге жас шеберлерімізбен «ҚазҰУ 90» деген жазуды қолданып шоппер сөмкелер мен білезіктер дайындалып шығарылды. Сонымен қатар қолдан тоқылған балаларға арналған  ойыншықтар мен кішкентай қыздарға арналған көйлектер, сөмкелер, үйге киетін сүйретпе түрлері, әшекей бұйымдар, қыл қалам шеберінің қолынан шыққан туындылар қойылды.