Алматыда «Индустрия X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» атты VI Халықаралық цифрлық форум өтті

6 ақпан, 2024

2024 жылдың 1-3 ақпанда Алматыда «Индустрия X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» атты VI Халықаралық цифрлық форум өтті. Осы Форумда спикер ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы Байтукаева Дана Өмірбекқызы сөз сөйледі. Байтукаева Д.Ө. ғарыш саласындағы әйелдердің рөлі және Қазақстандағы ғарыш құқығының дамуы туралы өз баяндамасында атап өтті. Сондай-ақ елші және тәлімгер ретінде ол Digital Forum цифрлық платформасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНИСЕФ халықаралық ұйымымен бірлескен жобасы UniSat жобасын ұсынды, жоба аясында қыздар наноспутниктерді өз бетінше жобалап, құрастырып, стратосфераға ұшырумен айналысады.