ҚазҰУ докторанты Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда

9 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология және гидрология кафедрасының PhD докторанты Абдуллаева Әсел Сәбитқызы ТДМ 13: «Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау» іске асыру шеңберінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы «Мореналық көлдердің ақтарылуы кезінде Іле Алатауы өзендер алаптарындағы потенциалды қауіптілікті бағалау және зоналау». Ғылыми жетекшісі: г.ғ.к., аға оға оқытушы Мусина А.К.

Жүргізілген ғылыми зерттеудің нәтижелері бойынша табиғи ортаның қазіргі өзгерістерін сипаттайтын көрсеткіштерді ГАЖ ортасында өңдеу арқылы көпкритериялық шешім қабылдау әдісі негізінде Іле Алатауының орталық бөлігіндегі сел алаптарының ірі масштабты сел қауіптілік және сел қаупіне ұшырау карталары жасалды.

 

Жаңалық сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=bjynE8jvouU