«Гендерлік теңдік»

2 қараша, 2023

2 қараша сағат 16:00-16:50 аралығында Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Байелі Ә.Ж және 2 курс магистранттары  Конысбаева Диана, Турганбаева Жансая, Кеңесхан Аңса, Абдреш Гүлімнің ұйымдастыруымен 2 курс Шетел филологиясы (батыс тілдері) білім беру бағдарламасының студенттерімен бірге "Гендерлік теңдік" тақырыбында іс-шара өтілді.

Магистранттар ең алдымен "Гендерлік теңдік" ұғымының мағынасын түсіндіріп, аталмыш тақырыптың өзектілігін аша түсті. Гендерлік теңдіктің қазіргі таңдағы маңыздылығын дәлелдейтін нақты дәлелдер мен фактілер көрсетілді. Қазіргі жастардың көзқарасын дамытып, ой көкжиегін кеңейту мақсатында өтілген іс-шара студенттердің белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық білдіріп, тақырып қызу талқыға түсті.