Тәрбие сағат: “Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні”

31 қазан, 2023

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы  кафедрасының аға оқытушысы Г.Т.Оспанова “6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті”  мамандығының 1 курс студенттерімен бірлесе отырып, гендерлік саясатқа арналған “Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні” атты тәрбие сағатын 31.10.2023ж. сағат 10.00 314-аудиторияда өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлерін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрету. Студенттерді топқа бөлу арқылы бірлесе жұмыс істеуге баулу. Қолданылған әдіс: сұрақ-жауап.Тәрбие сағаты «Дарабоз» зияткерлік ойыны арқылы жүзеге асты. «Дарабоз» зияткерлік ойыны 3 айналымнан тұрды: «Бәйге», «Дода», «Жорға». «Бәйге» айналымында сұрақтарға жауаптар алынды. Гендерлік саясатқа байланысты. «Дода» айналымында жұмбақтың жауабы табылып, үш тілге аударылды. «Жорға» айналымында шығармалардан үзінді оқылып, авторларын тауып, оқырман пікірі тыңдалды. Өзіндік тұжырымдар жасалды. Жағдаяттардан үзінді оқылып, студенттердің пікірлері тыңдалды. Өз ойлары ортаға салынып, пікірсайыс жүргізілді. Сергіту сәтінде «Ребус» шешілді. Студенттер тәрбие сағаттан өздеріне біраз мағлұматтар алғанын айтты. Тәрбие сағаты тартымды, әрі қызықты өтті.