«Парасат» кәсіподағы 2023 жылда жасалған жұмыстарына есеп беріп, белсенділерді марапаттады

19 ақпан, 2024

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Парасат» кәсіподағы 15  ақпан 2024 жылы өткен жылда жасалған жұмыстарының қорытынды есебін берді. Шара барысында кәсіподақ төрағасы Талғат Мекебаев пен тексеріс кеңесінің төрайымы Роза Рысқалиева есептеме берді. Сондай-ақ, 2024 жылға бекітілген жұмыс жоспары таныстырылды. «Парасат» кәсіподағы осы кезеңге дейін әлеуметтік еңбек, құқықтық және экономикалық қорғау, демалыс, денсаулық сақтау жұмыстарын жақсартуға бағытталған іс-шаралар атқарылып келеді.

«Парасат» кәсіподағы мен Шығыстану факультеті 2023 жылы тығыз жұмыс жасап, факультет тарапынан жасалған ұсыныстарды қолдап отырды. Кәсіподақтың атқарған іс-шараларына факультет белсенді қатысып, иеліктерін пайдаланып отырды. Кәсіподақтың факультеттегі жұмысы туралы факультет профоргы Бекбауова Жулдыз есеп берді.

Қорытынды есеп барысында кәсіподақтың белсенді мүшелерін марапаттады. Шығыстану факультетінің профоргы Бекбауова Жұлдыздың еңбегіне оң баға беріліп, үздік профоргтың қатарынан табылды. Жұлдыз Маратқызын марапатымен құттықтаймыз. Факультет атынан кәсіподақ төрағысына және ұжымына алғыс айта отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!