2024 жылдың 15 ақпаны Филология факультетінің 1-курс магистранттары, Кәдір А.С. және Балпанқұл Б.Б. ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының 5-ші тақырыбы, «Гендерлік теңдік» бойынша шетел филологиясы мамандығының 1-курс студенттері және топ эдвайзері, Азимбева И.К. қатысуларымен дөңгелек үстел өтті.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге гендерлік теңдіктің маңыздылығын, оның тек әлеуметтік мәселе емес экономикалық құлдыраудың факторы екенін түсіндіру. Ашық тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өтіп, оған 12 студент қатысты. Ашық тәрбие сағаты таныстыру мен сұрақ-жауап ретінде өтіп, студенттер өздерінің пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар гендерлік теңдік жайлы әлем және ТМД елдері бойынша ақпараттар, статистикалар, жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, тақырыпты толығымен меңгерді. Қатысушылар тақырыпқа қатысты түрлі тапсырмаларды орындап, өз ойларын ашық білдіріп, топтық тапсырмалар орындады. Сабақта студенттер гендерлік теңдіктің не екенін және оның қоғамның дамуына қалай әсер ететінін білді. Ашық тәрбие сағаты толықтай мақсатына жетті.