Картография және геоинформатика кафедрасының оқытушылары “Жас ғалым” тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болды!

26 ақпан, 2024

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен “Отбасы банк” бірлесіп, “Жас ғалым” тұрғын үй бағдарламасын іске қосқан болатын. Осы бағдарлама аясында Картография және геоинформатика кафедрасының жас оқытушылары Рахымбай Забира Сапарқызы, Құдайберген Қырғызбай, Жеңісова Назым Ернатқызы және Хамит Нұржан Ержанұлы баспаналы болды. Мемлекет тарапынан қолдау алып, үйлі болып жатқан оқытушыларымыз қуанып, ризашылықтарын білдіруде.

      Жас ғалымдарымызға қуаныштарыңыз құтты болсын дейміз! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, еңбектеріңіз елене берсін!