"Атом электр станциялары" тақырыбында көшбасшылық дәріс

26 ақпан, 2024

2024 жылдың 24 ақпанында география және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушылары және студенттері үшін "Атом электр станциялары" тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізілді. Көшбасшылық дәрістің ұйымдастырушысы – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы. Дәрісті "ЭКОСЕРВИС-С" ЖШС басшысы Аскаров Сейлхан Акказинович өткізді. Көшбасшылық дәріс барысында тыңдаушылар ядролық реакторлар туралы ақпаратпен, атом электр станцияларының жұмыс схемасымен, АЭС тарихымен, атом энергиясын пайдаланудағы әлемдік тәжірибемен, сондай-ақ еліміздің осы саладағы жағдайымен танысты. Кездесу соңында ұйымдастырушылар мен тыңдаушылар дәріскерге атом электр станциялары туралы мазмұнды баяндамасы үшін алғыс білдірді.