«Қазақстандағы гендерлік саясат» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2024 жылдың 26 ақпанында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары А.Т.Жусанбаева және Е.Е.Хайрушева «Гидрология», «Геодезия және картография» және «География» мамандықтарының 1 курс студенттерімен бірге ТДМ-5 «Гендерлік теңдік» аясында іс-шара өткізді. «Қазақстандағы гендерлік саясат» тақырыбындағы іс-шара дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы заманауи табысты әйелдің портреті, Қазақстан Республикасының дамуында әйелдер қандай рөл атқарды, Қазақстандағы қызмет жолындағы, оның ішінде басшылық қызметтердегі нәзік жандылар, әйелдер отбасы мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтайды, гендерлік теңдік мәселелерінің жаһандық көрсеткіштері мен тенденциялары сынды тақырыптар талқыланды
Шараға қатысушылар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір ауыздан топ болып жұмыс жасап, қызығушылықпен сұрақтар қойып, ақпаратпен бөлісіп, өз ойларын еркін білдіріп отырды. Шара соңында өз ойларын саралай келе, бүгінгі күннің басты құқықтық құндылықтарының бірі бұл ерлер мен әйелдердің құқықтық теңдігі болып табылады деген қорытынды жасадық. Гендерлік теңдікті енгізу қарапайым әлеуметтік әділеттіліктің талабы және демократияның құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму мақсатына қол жеткізуді іске асыру, әділдік принципі негізінде әлеуметтік қатынастарды және адалдық пен төзімділік қағидаттарын ұйымдастыру.