Студенттер АҚШ журналистикасының ерекшеліктерімен танысты

19 ақпан, 2024

Қазақ ұлттық университетінде 13 ақпан күні «6В03202-Халықаралық журналистика» мамандығының 2-курс студенттерімен педагогикалық практика аясында журналистика факультеті «7М03203-Халықаралық журналистика» мамандығының 1-курс магистранты Маханов Асылан Жеңісұлы ф.ғ.д., доцент Алтаева Алмагүл Кәрісбекқызының және оқытушы Шегебаев Әлібек Сералыұлыныңқатысуыменашық семинар өткізді. Семинардың тақырыбы:  «Әлемдік БАҚ иелері. АҚШ журналистикасының ерекшеліктері». Сабақтың басында студенттер интерактивті ойынға қатысып, ой сергітіп алды. Әлемдік БАҚ туралы сөз қозғалып, семинарға қатысушыларға статистикалар мен мысалдар ұсынылды. Студенттердің көбі BBC, CNN, USA Today сияқты басылымдарды оқитынын жеткізді.АҚШ журналистері жаңа технологияларды қалай қолданып жатқаны, БАҚ монетизациясы, салалық журналистиканың дамуы туралы ақпарат берілді. Студенттер сұрақ қойып, ойларын ортаға салып, сабаққа белсене қатысты.