Канада журналистикасы студенттерді ерекше қызықтырды

19 ақпан, 2024

Қазақ ұлттық университетінде 14 ақпан күні “6В03203-Халықаралық журналистика” мамандығының  2-курс студенттері мен педагогикалық практика аясында журналистика факультеті “7М03203-Халықаралық журналистика” мамандығының 1-курс магистранты СабырАрайлым ф.ғ.д., доцент Алтаева Алмагүл Кәрісбекқызының және аға оқытушы Садуақасов Абай Айтмұқашұлының қатысуымен ашық дәріс өткізді. Дәрістің тақырыбы: «Канада журналистикасы». Сабақтың басында студенттердің дәріске деген ықыласын ояту үшін Канада еліне қатысты жүгіртпе сұрақтармен warm up жасалды. Канада журналистикасының тарихы, баспасөз басылымдары, телевидение саласы туралы ақпараттар кеңінен қамтылды. Есте сақтау әрі креативті ойлану үшін “венн диаграммасы” бойынша Канада журналистикасы мен АҚШ журналистикасының ерекшеліктері,ұқсастықтары жазылды. Студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатымен екі топқа бөліп, АҚШ пен Канадада болған кез-келген жаңалықты бейнежазбаға түсіру туралы тапсырма берілді. Топтық жұмыстан соң студенттердің дәрістен алған білімі бекітіліп,  сабаққа қорытынды жасалды.