"Алғыс айту" ашық кураторлық сағаты

1 наурыз, 2024

ТДМ 4: Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру.

2024 жылдың  наурызайының 1 жұлдызында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының доценті Тоқтабаева А.К. «6В07201 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің 203-204 топтарымен «Алғыс айту» атты ашық кураторлық сағат өткізді.

Ашық кураторлық сабаққа органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттер қатысты.

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық пен алғыс білдірушілік сезім.