​"Интеллектуалды элита" атты сайысы

5 наурыз, 2024

29 Наурыз 2024 жылы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" және "Менеджмент" білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері арасында "Интеллектуалды элита" атты сайыс өткізілді. Тұрақты даму мақсаттары 4-мақсатаясында: Барлығын қамтитын, әділ, сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндігін қолдау мақсатын жүзеге асыру. Шара "Менеджмент" кафедрасының "Мемлекет қайраткері" ғылыми үйірмесінің ұйымдастырумен өтті. Студенттерге сайыс барысында ҚазҰУ-ға қатысты және оның танымал түлектері туралы, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, жалпы экономикалық сұрақтар мен қызықты логикалық сұрақтар қойылды. Кезеңдер арасында қатысушыларға арнайы сергіту сәті ұйымдастырылды және талантты студенттер ән шырқады. Сайыс соңында қатысушылар дипломмен және сыйлықпен марапатталды.

Шараны «Менеджмент» кафедрасы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен және эдвайзері Жайназар Ә.Ж.ұйымдастырды.