«Анаңды сүйсең менше сүй» атты салтанатты іс-шара
01.03.2024 жылы «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Ахметовтың ұйымдастыруымен 1курс «Қаржы» мамандығының студенттерінің қатысуымен гендерлік теңсіздікке байланысты ТДМ 10-ші мақсаты- «Теңсіздікті азайту» аясында «Анаңды сүйсең менше сүй» атты салтанатты іс-шара өтті. Гендерлік теңдік адам құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Дүниежүзі халқының жартысын әйел заты құрағанымен, қоғамда толыққанды тепе-теңдік орнауы үшін алда біраз белесті еңсеруге тура келеді. Өйткені әлі күнге дейін гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін арттыру әлемдік проблема болып тұр. Қазақстанның Конституциясы адамды жынысына қарап кемсітуге тыйым салады.. Іс-шара барысында студенттер әйелдердің қоғамдағы орны мен роліне ерекше мін беріп, бүгінгі жағдайына шолу жасап, өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.