«ЖОО үздік оқытушысы – 2023» атағының иегерлері
2024 жылдың 1 наурызында Түркістан қаласында «ЖОО үздік оқытушысы - 2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінен «ЖОО үздік оқытушысы - 2023» атағының иегерлері:
Дюсебаева М.А., PhD, Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының профессоры м.а., деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары;
Есқалиева Б.Қ., х.ғ.к., Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының профессоры м.а.;
Қалдыбеков Д.Б., PhD, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының аға оқытушысы;
Құдайбергенов Н.Ж., PhD, Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы;
Мальчик Ф.И., PhD, Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті;
Рахымбай Г.С., PhD, Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті м.а.;
Сатыбалдиев Б.С., PhD, Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының аға оқытушысы;
Тауанов Ж.Т., PhD, Химиялық физика және материалтану кафедрасының доценті;
Тоштай Қ., PhD, Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доценті м.а.
Химия және химиялық технология факультеті байқау жеңімпаздарын құттықтап, болашақта табыс тілейді!