2024 жылдың 6 наурызында "Орыс филологиясы және әлем әдебиеті" кафедрасының ф.ғ.к. Какишева Н.Т. "Қаржы" мамандығының 1-курс студенттерімен "Гендерлік теңдік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл пікірталас барысында келесі тақырыптар көтерілді: гендерлік теңдіктің белгілері, оның қоғамымыздағы орны, еліміздегі гендерлік теңдікке деген көзқарас. Іс-шара барысында қатысушылар өз пікірлерімен, зерттеу нәтижелерімен және практикалық тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісті. Қатысушылар гендерлік тепе-теңдіктің оң және теріс жақтарын бірлесе отырып талқылап, еліміздегі қоғамдық құрылысқа байланысты ойларын ашық жеткізді.
Бұл тақырып қазіргі уақытта өзекті болып табылады, өйткені заманауи қоғамның осы тақырып төңірегіндегі пікірі екі тарапқа бөлінді. Гендерлік теңсіздіктермен күресте сауатты болуымыз үшін әр адамның қоғам алдында, адамзат алдында өзін жауапты сезінгені абзал.
Ұйымдастырушы: Какишева Н.Т.