ТДМ 4. Кураторлық сағат «1-наурыз Алғыс айту күні»

29 ақпан, 2024

"29" ақпан күні сағат 16:00-де физика-техникалық факультетінде №1 дәріс залында "1-наурыз. Алғыс айту күні"  «7М07501 - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»  білім беру бағдарламасының орыс бөлімінің 1 - курс магистранттары СС 129 к/о және СС 136 о/б студенттік топтарының студенттерімен қызықты және мазмұнды кездесу өткізді.

Біз бұл мерекенің тарихын, оның өміріміздегі құндылығы мен маңызын талқыладық, сондай-ақ өз тарихымызбен бөлістік және бізге қолдау мен көмек көрсететін адамдарға ризашылығымызды білдірдік.

Нәтижесінде студенттер жаңа білім алып, өзара қарым-қатынастың қуанышын сезініп, жақындары мен айналасындағыларға ризашылық білдіруді үйренді.

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының куратор -эдвайзерлері Нурмуханова А.З.,  Оспанова Ш.С.  және Исатаев М.С.