- Басты бет
- Мансап және жұмысқа орналасу
- «Қаржы орталығы» АҚ білім алушылар мен түлектерге 1414-тен SMS-хабарлама таратуда
«Қаржы орталығы» АҚ білім алушылар мен түлектерге 1414-тен SMS-хабарлама таратуда
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) негізінде оқыған білім алушыларға және түлектерге «электрондық үкімет» порталының 1414 бірыңғай байланыс орталығынан гранттың өтелімін бақылау мақсатында жеке деректерді (жұмыс берушінің БСН-і мен жұмысқа орналасу күні) сұрату бойынша SMS хабарламалар жіберілуде.
Сұранысқа жауап ретінде SMS-хабарлама алушы жеке деректерді ұсынуға келісім беру үшін 15 минуттың ішінде 511 (келісу) немесе бас тарту үшін 512 (бас тарту) мәтінімен SMS жіберуі қажет.
511 (келісім). Келісім берілген жағдайда білім алушылар мен түлектер «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орнын растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
512 (бас тарту). Білім алушылар мен түлектер «Қаржы орталығы» АҚ-на әр алты ай сайын үш жыл бойы жұмыс өтеу туралы құжаттарды ұсынуға міндетті болады.
Бұл жаңашылдық «Қаржы орталығы» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін сәтті интеграциялаудың нәтижесі болып табылады.
SMS-хабарламаны жіберу барлық абоненттер үшін тегін.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (800) 080-28-28 (Call-центр)
Мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде оқыған білім алушылар мен түлектерде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін грантты өтеу бойынша үш жылдық міндеті барын ескертеміз.
Грантты өтеу міндеттемесі келесі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
1) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы (47-бап, 17-17.4-тармақтар)