- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ Тұрақты даму мүддесінде Ғылымның халықаралық онжылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
БҰҰ Тұрақты даму мүддесінде Ғылымның халықаралық онжылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған БҰҰ Тұрақты даму мүддесінде Ғылымның халықаралық он жылдығы аясында «Коммуникацияның жаңа дәуірі: бір дауыс» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚР БҰҰ Ақпараттық бюросы — ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің өкілдігі және Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтымен серіктестікте ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия, Германия және Франция университеттерінің оқытушылары, студенттері, магистрлері мен докторанттары қатысты.
Ғылыми іс-шараның мақсаты – БҰҰ-ның Орталық Азиядағы орнықты дамуы мүддесінде ғылымның халықаралық онжылдығы міндеттерінің маңыздылығына назар аудару.
Ғалымдар БҰҰ тұрақты даму мақсатында университеттің ғылыми зерттеулерін ілгерілетуде жаһандық коммуникациямен байланыстыру, ғылыми модельді өзгертуге бағытталған Тұрақты даму үшін ғылыми миссиялардың жол картасын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, олар қазіргі кезде жаһандану үрдісінде Тұрақты даму мақсаттары фокусындағы коммуникациялармен қоғаммен байланыстың тиімділігі, ақпараттың қол жетімділігі мен тиімділігі мәселелерінкөпшілікке ұсынды.
«Біз бүгін ең өзекті тақырыптарды талқылау үшін бас қосып отырмыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2024–2033 жылдарды “Тұрақты дамудың халықаралық онжылдығы (IDSSD)” деп жариялады. Әлемдегі жаңа қауіп-қатерлері мен сын-қатерлердіңалдын алу үшінақпараттық тұтастықтың болуы аса маңызды. Бұл мәселеде заманымыздың күрделі мәселелерін шешу үшін ғылыми пәндер мен білім формалары арқылы күш біріктіру қажет.Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасы (UNAI) Жаһандық хабы ретіндегі рөлін ерекше атап өткім келеді», – деп атап өтті БҰҰ Жаһандық коммуникациялардепартаментінің өкілі Властимил Самек.