Наурыз айының 1 жұлдызында Картография және геоинформатика кафедрасының геодезия және картография мамандығының 1 курс (қазақ бөлімі 1,2,3 топ) студенттерінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күніне тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: 1. Студенттерді жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту. 2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету. 3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу. Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күніне студенттермен тәрбие сағаты өткізілді. Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас. Барша отандастарымызға, еліміздің әр түпкірін шарлаған барлық жүргізушілерге, үкілі үмітпен жолға шыққан әр жолаушыға, күні-түні аянбай еңбектенген ер азаматтар мен аналарымызға, біліммен сусындатып жүрген ұстаздарымызға шынайы ниетпен алғыс білдіреміз!