Менің мамандығым – менің болашағым

7 наурыз, 2024

Қазақстан Республикасы жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 8 тұрақты даму мақсаты аясында 7 наурыз 2024 жылы "Археология" мамандығының 2 курс студенттері «Қрым аралы» ғылыми зертханасына барды. Зертхана директоры Қрым Алтынбеков студенттерге «Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбында мастер класс өткізді. Сонымен қатар, студенттер реставрацияның әдіс-тәсілдерімен танысуға және археологиялық артефактілерді жаңғырту процесін көруге мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушы: аға оқытушы Бесетаев Б.Б., аға оқытушы Сагындыкова С.Т.