«Табиғи техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының 1-2 курс студенттерінің куратор-эдвайзері БЕКЖАНОВА АҚТОТЫ УТЕПОВНАНЫҢ куратор-эдвайзерлік кездесу жүргізді

16 ақпан, 2024

    География және табиғатты пайдалану факультетіне қарасты №4 Студенттер үйінде «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының 1 курс студенттерімен кездесу болды.

         «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» дегендей, студенттерге тек білім беріп ғана қоймай, тәрбие беру білу ұстаздың міндеті. Бұл кездесуде студенттердің жатақханадағы жағдайымен танысып, бөлмелерін көріп, тұрмыс-тіршілігімен танысып қайттым. Сонымен қатар, оларға жатақхана ережесін сақтай білу, айналасындағыларға құрметпен қарау туралы айтылды. Студенттермен университет қабырғасында қазіргі таңда үлкен дау туғызып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларға байланысты қатысты пікірлерін тыңдадым. Студенттердің әртүрлі ұйымдардың, арандатушылардың айтқанына еріп кетпеу керектігі туралы сөз қозғалды. Кездесу барысында студенттердің ой өрісін дамытуға, сөйлеу мәдениетін, қоғамдық орындарда өздерін ұстай білуі, студенттің мәдениетін сақтай білу тиіс екендігі ескертіліп, осы тақырыптар төңірегінде ашық әңгіме, пікірталас болды.