Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттер сенатының ұйымдастыруымен «Ұлт ажары – 2024» дәстүрлі жоба байқауы өтті. Байқауға ҚазҰУ жастары қатысты. Дәстүрлі шара қара шаңырақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына арналды. Филология факультетінен дәстүрлі жобаға білімді, өнерлі жігіттер Қойгелді Нұртілеу мен Сахиев Мадияр қатысты. Филология факультетінің жігіттері жүзден жүйрік шыққан кіл мықтылар арасынан сән-салтанаты әрі ақыл-ой парасатымен ерекшеленді. Қолданбалы қазақ тіл білімі мамандығының 2-курс студентті Қойгелді Нұртілеу «Ұлт ажары – 2024» дәстүрлі жоба байқауының гран при иегере атанды. Талантты жігіттерімізге филология факультеті деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Баян Өмірбекқызы Жолдасбекова демеушілік жасады.