ГЕОДЕЗИЯ, КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ.

11 наурыз, 2024

    Наурыз айының алғашқы сенбісінде елімізде «Геодезия, картография және жерге орналастыру қызметкерлер күні» төл мерекесі тойланады. Осыған орай, наурыз айының 11-жұлдызында картография және геоинформатика кафедра студенттерінің ұйымдастырумен мерекелік концерт өтті. Атаулы шара кафедра профессоры Көшім Әсима Ғалымжанқызының құттықтау сөзімен басталып, студенттердің дайындаған өнерімен жалғасты. Кафедра меңгерушісі, доцент Асылбекова Айжан Асылбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Геодезия және картография комитетінің атынан төс белгі мен арнайы алғыс хат алған кафедра оқытушы-профессорлар құрамын марапаттады.

    Мерекелік концертке жұмыс берушілеріміз де қатысып, студенттерге арнайы сыйлығын табыстады.