14 Наурыз Көрісу күні-Амал мерекесі.

14 наурыз, 2024

             Наурыз айының 14 жұлдызында геодезия және картография мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 14 Наурыз Көрісу күні-Амал мерекесіне орай тәрбие сағатын өткізді. Негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған мереке биылдан бастап енді барлық аймақтарда тойланады.

          Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл мерекенің халқымыз үшін айрықша орны бар. Ежелден бастау алған Көрісу күні тарихта қайта жаңғырып, бүгінде халықтық мейрамға айналды. Бұл – игі істеріміз бен ізгі амалдарымыздың, бауырмалдық салтымыздың жарқын көрнісі. Ұлттық құндылықтарымызды бағалап, халқымыздың рухани байлығын артыра берейік. 

              Шынайы ниетімізбен өткенге салауат айтып, ақ тілегімізбен жаңа Амалды қарсы алайық!