«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында қасиеттері рамазан айында студенттерге ауызашар берілді.

11 наурыз, 2024

       Ауызашар уақытында оның пайдасы мен сауабы, сонымен қатар, оны ұстау тәртібі туралы түсіндірілді. Студенттер өздерінің оразаны ұстау мақсаттары туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, биылғы оразаның ерекшеліктері, яғни уақыт жағынан қысқа ешқандай қиындық туғызып жатпағаны сөз етілді. Ауа-райының да өте қолайлы болуы оразаның жеңіл өтуіне септігі тиетіні айтылды. Ораза кезінде топтағы студенттер жақсы бір қасиеттерін дамытып, өзінің жағымсыз жақтарымен күресу туралы ойларын айта отырып, осы оразада сапалы, әрі пайдалы білім алып, өздерін дамытуға сөз берді. Ауызашар уақытында қаншалықты ораза туралы білімдері бар екендіктерін тексеру үшін әртүрлі сұрақтар қойылып, ойындар ойнады.