Біліммен қаруланған адам жеңілмейді.
"Өзгерістерді өзіміден бастайық" жобасы аясында «Біліммен қаруланған адам жеңілмейді» тақырыбында «Самұрық» өнер-білім орталығының директоры Жамали Төлегенұлы Түкбаевпен кездесу болды.
Жамали Төлегенұлы өз баяндамасында студенттерге білім шын мәнінде адамдарға қиындықтарды жеңуге және табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті қару екендігі туралы түсінікті растау үшін осы уақытқа дейін өзінің атқарған жұмыстары мен жетістіктерін презентация арқылы таныстырып өтті. Білім жеке адамдарды өмірдің әртүрлі салаларында жеңілмейтін ете алатын қуатты құрал екендігі туралы түсіндіру барысында, университет қабырғасында білім алу – ол үлкен мүмкіндіктер яғни, білімнің күрделі жағдайларда көмектесетінін және негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға, жақсы дамушы ортаны қалыптастыра алатын, өзіңмен пікірлес және идеялары бар адамдар табуға, жалпы тұлға және көшбасшы болып қалыптасуыңа пайдалана алатын алтын уақытың екенін түсіндірді. Білім сенімділікке тәрбиелейді, сол себептен ешқашан білім алудан қашпай, үнемі білім алу жолында студенттерге төзімділік пен табандылық қажет екендігін сөз етті. Білім инновация құралы ретінде яғни, шығармашылық пен инновацияны дамытудағы білімнің рөлін көрсету, жеке адамдарға жаңа идеялар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өзіңіздің адамдармен қарым-қатынас шекараларыңызды ұлғайту және жаңашыл үлес қосу үшін өз білімдерін пайдаланған адамдар әртүрлі салалардағы жетістіктерге қалай әсер еткенін көрсетті. Жамали Төлегенұлы өз тәжірибесімен бөлісе отырып, оқу орталықтарын қалай ашқанын және қазіргі таңда сол жеке кәсіп ретінде оқу орталықтарын ашқысы келгендерге жол көрсетіп, бірнеше өнер-білім орталықтарының ашылуна көмегін тигізіп отырғандығы мақтанарлық дүние. Жеке адамды жеңілмейтін етудегі білімнің күші туралы көптеген ойларын қорытындылай келе, ол білімнің барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін үздіксіз оқу мен өзін-өзі жетілдірудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, студенттерді, білімнің құндылығын олардың жеке және кәсіби өміріндегі өзгертуші күш ретінде бағалауға шақырып, қазіргі алып жатқан білімдеріне басты назар аударып, уақыттарын текке жұмсау керектігін және студенттік уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды.