ТДМ 4 - «Заманауи оқу үрдістері арқылы білім беру».
ҚазҰУ Картография және Геоинформатика кафедрасының 3 курс білім алушарымен – «Заманауи оқу үрдістері арқылы білім беру» атты тәрбие сағатын өткізген болатынбыз. Жаңартылған білім беру болашақтағы сапалы білім кепілі деп тануға болады. Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім. Fылыми-техникалық прогрестің және техникалық деңгейдің өсуімен инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізуге арналған әдістер мен аспаптар дамыды және жетілдірілу үстінде. Қазіргі кезде құрылыс алаңдарында көбінесе электрондық тахеометрлер мен нивелир аспаптары қолданыска ие. Алайда күрылыс алаңындағы жүмыстарды жеңілдету үшін заманауи геодезиялық аспаптарды қолдану геодезиялық жүмыстардың дәлдігі мен жылдамдығына өз әсерін тигізері анық. Қазіргі таңда заманауи геодезиялық аспап-бұл GPS спутниктік навигациялық жүйесін пайдалана отырып, электрониканың, оптиканың, дәл механиканың соңғы жетістіктерін біріктіретін жоғары технологиялар өнімі.
Геодезиялық жұмыстардың дәлдігі, алынған ақпараттың толықтығы мен объективтілігі мәселесі түбегейлі маңызды екені туралы студенттерге түсіндірген болатынбыз, себебі ол салынып жатқан және пайдаланылатын ғимараттар мен құрылыстардың сапасы мен сенімділік деңгейін анықтайды. Өлшеулердің сенімділігі мен дәлдігін бағалау кезінде бастысы-жобаның технологиялык талаптары мен төзімділігіне негізделген геодезиялық жұмыстар мен заманауи геодезиялык құрылғыларды таңдау аса маңызды. Әрине, кез-келген кұрылғының техникалык сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен қатар белгілі бір колдану саласына бағытталған артықшылықтары бар. Сондықтан оларды накты мәселелерді шешу мақсатына карай жіктеуге болады. Бүл жағдайда өлшеулердің дәлдігі мен ауқымы маңызды рөл атқармайды. Орындалатын жұмыстың мақсатына сәйкес геодезиялық аспапты қолдану негізгі тиімділік факторы болып табылады.