Экономиканы дәйекті дамыту

16 наурыз, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Өзінің баяндамасында ерекше тоқталған мәселелерінің бірі - Жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында, дамыған ел болу үшін тек қана экономикалық мақсат қою жеткіліксіз екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, әлеуметтік, шаруашылық, идеологиялық және басқа да салалардағы бағыт-бағдарымызды айқындап, нақты шараларды қолға алу керектігіне ерекше тоқталды. Экономиканы дәйекті дамыту мақсатында еліміздің бәсекедегі артықшылықтарын толықтай пайдалану керектігіне назар аударды.

Сонымен бірге, Президент өзінің баяндамасында соңғы жылдары кәсіпкерлікті дамытуға айрықша мән беру керектігіне тоқталды. Кәсіпкерлікті дамытудағы басты мақсат-елімізді аймақтағы ашық нарықтық экономикасы бар маңызды орталыққа айналдыру керектігіне өзінің баяндамасында баса назар аударды.

 

Бейсенбаев Жақсылық Темірболатұлы

экономика ғылымдарының кандидаты

Экономика кафедрасы