Көрісу күні құтты болсын!

14 наурыз, 2024

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы Наурыз мерекесінің алды Көрісу күнін ерекше атап өтті. Аталған іс-шарада қазақи дәстүріміз сақталып, шашумен басталды. Домбырамен күй шертіліп, әуезді әнмен көтеріңкі көңіл күймен бір-бірімен көрісті. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрыңғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық пен саулық тілейді. Бір жастарыңызбен!