Барлығына арналған заңгерлік кеңес

14 наурыз, 2024

ТДМ16. Бейбітшілік сот төрелігі және тиімді институттар

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетте жүріп жатқан тұрақты даму бағдарламасы аясында, 14.03.2024 күні ҚазҰУ-дың “ Кәсіби даму және мансап кеңсесі” бөлімінің қызметкерлерімен, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының, «6B03208 - Сандық архивтану және құжаттану мамандығы» бойынша білім алып жатқан 1 курс студенттерінің кездесуі өтті. Кездесуді, алдын ала келіскен және белгіленген уақыт бойынша дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы ұстазы, куратор Нурпеисова Б.Е., ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты, тұрақты даму бағдарламасының «Барлығына арналған заңгерлік кеңес» аясында, 1 курс студенттерін толғандыратын сұрақтарына “Кәсіби даму және мансап кеңсесі” бөлімінің білікті мамандарынан жауап алу болатын.

Екі жақты бірлесіп, ұйымдастырған кездесудің нәтижесінде, студенттер өздерінің толғандырған, мазалаған сұрақтарын қойып, осы уақытқа дейін білмеген сан алуан мәселелерге қатысты, оқу үдерісінің  заңдылық нормалардың талаптарына қатысты  тұстарымен танысып шықты. Мысалы, оқудан бөлек, ыңғайлы уақытта жұмыс істеу, қандай компанияларда қызмет етуге мүмкіндік бар, жұмыс пен оқуды қалай қатар алып жүруге болады, т.с.с. сұрақтарға, тәжірбиелі және білікті  бас маман - Аязбаева Асем Мухтарқызынан қатысты, толық жауап алды. Кездесу соңында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарға толыққанды жауап алғанын ортаға салып, үлкен ризашылығын білдіріп, біршама уақыт талдау жүргізді.