«Жарқын болашақ» атты республикалық қазақ тілі олимпиадасы

16 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дың филология факультеті
А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к. Ш.Ә. Рамазанова 2024 жылдың 16 наурызы күні «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен  жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында өткен «Жарқын болашақ» атты республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңіндегі байқауда қазылар алқасының құрамында қазылық етті.