ҚР Чемпионатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Жеңісқызы Мәдина әйелдер күресінен күміс жүлдені жеңіп алды.

6 ақпан, 2024

2024 жылдың ақпан айыны айының 1 мен 5 жұлдызы аралығында Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрестен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің 20 облысынан 600-ден астам спортшы қатысқан жарыста грек-рим, еркін және әйелдер күресінен үздіктер анықталды. Бұл чемпионатта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Жеңісқызы Мәдина әйелдер күресінен күміс жүлдені жеңіп алды.

ҚазҰУ дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Жеңісқызы Мадинаны осы жетістігімен құттықтайды!