ҰЛТТЫҚ КИІМ - ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ*

19 наурыз, 2024

18 наурыз – ұлттық киім күні. Наурызнамада белгіленген атаулы күнге орай, елдің әр түкпірінде түрлі шаралар өтуде.

Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.

Осыған орай республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде Қазақ Ұлттық университетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні өтті.

Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту. «6В05202 – Экология» БББ-ң 1 курс студенттері «6В05205 – География» БББ-ң студенттерімен бірігіп іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге барынша ат салысты. Іс-шарада ұлттық киімінің тарихы айта қоймай, қызықты викторина ұйымдастырылды. Одан бөлек Тәжікістан елінен келген студенттер өзінінде ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлі әндерін шырқады.

Басты ұйымдастырушылар кафедрамыздың оқытушылары Дәрібаев Ж.Е., Құтжан А.Н. және Жолдасбек А.Е. дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор екендігін түсіндіріп кетті.