Ұлттық киім күні

19 наурыз, 2024

2024 жылдың 18 наурызы күні  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің  химиялық физика және материалтану кафедрасының ұйымдастыруымен  «Ұлттық киім – Ұрпаққа мұра» атты ашық тәрбие сағаты өтті.  Тәрбие сағаты кафедра меңгерушісі қауымдастырылған профессор Тулепов Марат Ізтлеуұлының құттықтау сөзінен басталды. Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Керімқұлова Алмагуль Рысқұлқызы «Наурызнама» онкүндігі жөнінде мілімдеме жасады. Кафедраның оқытушысы Рахимова Бибигуль Уалиевна қазақ халқының ұлттық киімдерінің қыр-сырымен  таныстырды. Тәрбие сағатына факультет студенттері мен оқытушылары, факультет деканы  қатысты.  Студенттерге ұлттық тағамдардан дәм тату ұсынылды.