Бүгінгі таңда сапалы білімге қол жеткізу әрбір адам үшін табыстың кілтіне айналуда. Жасы мен мамандығына қарамастан, біз әрқашан кәсіби және жеке тұлға ретінде өсуге көмектесетін жаңа білім мен дағдыларды ашуға ұмтыламыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өмір бойы білім беру бағдарламасын белсенді түрде қолдайды. Әрбір тыңдаушыға жасына қарамастан Open KazNU платформасында (https://open.kaznu.kz/) кең ауқымды онлайн курстарды ұсынамыз.

Курстар тыңдаушылар өтініші бойынша ашылады - егер сізді қызықтыратын курс уақытша мұрағатта  болса - бізге жазыңыз, біз оны сіз үшін қайта іске қосамыз. Барлық курстарға кіру тегін - платформаға тіркеліп, оқуды бастау жеткілікті.

Баршаңызды біздің Open KazNU платформасына қосылуға және бізбен бірге көруге және үйренуге шақырамыз!