«Таза кампус» акциясы

19 наурыз, 2024

16 наурыз, сағат 11.00 де  Экономика және бизнес жоғары мектебі  басшылығы №16 студенттер үйінің, мәжіліс залында  ТДМ 3,4,6 индикаторлары аясында  «Таза кампус» акциясының «Ең үздік бөлме», «Ең үздік оқу залы», «Ең үздік асқана», «Ең үздік қабат» номинацияларының жеңімпаздарына  СЕРТИФИКАТТАР мен сыйға кітаптар тарту етті.

Аталған іс-шараның мақсаты – Дамудың адам үшін басты құндылықтары денсаулық, білім, ғылым, өмір сүретін ортаңның тазалығы мен қауіпсіздігі екенін  жастарға терең ұғындыру болды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар тарапынан, іс-шара соңында қатысқан оқытушы профессорлар, студенттерге арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.