«Наурызнама-2024» онкүндігі

19 наурыз, 2024

«Наурызнама-2024» онкүндігінің 15 наурызы «Қайырымдылық күні» игі істер марафоны және Тұрақты дамудың 1-мақсаты «Барлық жерде барлық түрлердегі кедейлікті жою» аясында «Есеп және аудит» мамандығының 3-курс студенттері эдвайзер Ж.З. Оралбаеваның бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз басты ана болып табылатын екі отбасыға бір ай мөлшеріне жеткілікті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қайырымдылық көмек көрсетті. Қайырымдылық іс-шараның негізгі мақсаты – көп балалы отбасыларына ерекше көңіл бөліп, көмек көрсету. Игі шара аясында, көмек көрсетілген отбасылар ризашылықтарын айтып, ізгі ниеттерін білдірді.