Рахимова Гакку Нурлановна

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Рахимова Гакку Нурлановнаның «Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазалар (қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқару аспектілері)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Қонаев университетінің Қылмыстық-құқықтық пәндер және құқық қорғау қызметі кафедрасында орындалды.
Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Сактаганова Индира Советовна – заң ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы 12.00.01;
2. Избасова Асель Борановна - PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы 6D030100 – Құқықтану.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Акимжанов Талгат Курманович - заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, «Тұран» Университетінің Құқық Ғылыми-зерттеу институтының директоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Катажина Плонка-Беленин - құқық докторы, В. Корфанти атындағы Жоғарғы Силезия академиясының құқықтық және әкімшілік мәселелер жөніндегі деканының орынбасары (Катовице қ., Польша).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Мицкая Елена Владимировна – заң ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);
2. Аманжолова Ботагоз Атымтаевна – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан);
3. Жамиева Роза Муслимовна - заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан);
4. Абзалова Хуршида Мирзиятовна - заң ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің Қылмыстық құқық, криминология және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кафедрасының профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан).
Қорғау 2024 жылдың 19 сәуір күні сағат 15:00-де әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203 - Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 413 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/85714268737?pwd=NnJEdnhEZVl3N1c5dVVpWWVIVmdKQT09
Конференция идентификаторы: 857 1426 8737
Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар


