2024 жылдың 18 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түркология және тіл теориясы кафедрасының “Шет тілі:екі шет тілі” мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне “Наурыз - халықтардың бірлігі” атты тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында іс-шара өтті. Осы іс-шараны өткізу барысында шет елден келіп оқып жатқан түркмен студенттеріне Наурыз мерекесінің жалпы маңыздылығы, салт-дәстүрлер мен құндылықтар сабақтастығы айтылды және осы жылдағы Наурызды жаңа форматта тойлау ерекшелігі айтылды. Студенттер Наурызда бір-біріне тілектер айтып, мерекеде ұлттар арасындағы татулықтың артуын тіледі.
Ұйымдастырушылар: Түркология және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Мухатова М.С. және шет тілі:екі шет тілі мамандығының 1 курс магистранты Айқынқызы Ділназ