1 курс геодезия және картография мамандығының (қазақ бөлімі 1,2,3 топ) студенттерімен 18-наурыз күні «Ұлттық киім күні» күніне тәрбие сағаты өткізілді.
Бүгін – ұлттық киім күні. Наурызнамада белгіленген атаулы күнге орай, елдің әр түкпірінде түрлі шара өтті. Айтулы күнге біздің де студенттеріміз айрықша үн қосып жатыр. Ұлттық киім – құндылықты дәріптеудің озық үлгісіне айналғандай.
Мақсаты: Ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені жастарымыздың бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ұлттық киім дегеніміз ұлттық код, ұлттық жад. Соны ары қарай насихаттау. Бүгінгі ұрпақтың, біздің еншімізге тиген екен. Сол аманатқа адалдық танытып, жай ғана айтып ғана қоймай, күнделікті киіп жүру арқылы насихаттау керек.
Осы күні студенттер мен ұстаздар үстеріне ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, жас ұрпақтың ұлттық әшекейлерге қызығушылығы артып, өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет нәрселер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырды.